Отандық нарықта сертификатталған қанша аудиторлық ұйым бар? Қазақстандық заңнама аудиторлық салада өзін-өзі реттеу үдерісі қалай жүзеге асады? Бұл туралы және жалпы аудиторлық қызметтің әлеуеті жайлы «Аудиторлар коллегиясы» аудиторлардың кәсіби ұйымы Басқарма төрағасы Данияр Нұрсейітов айтып береді.

– Данияр Эреулұлы, аудиторлық қызметті көп адам біле бермейді. Аудиторлықтағы өзін-өзі реттеу дегеніміз не?

– Аудиторлық қызмет туралы халықта кең түсінік қалыптаспағаны рас. Саладағы өзін-өзі реттеу Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Өзін-өзі реттеу» туралы заңында жазылған. Осы заңға сәйкес  кәсіпкерлік субъектілерінің өзін-өзі дербес реттеуін айтамыз. Яғни, кәсіпкерлік және кәсіптік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың құрылу және жұмыс істеу, оларға мүше болу шарттарын және олардың құқықтық жағдайын айқындайды.

– Сонда өзін-өзі реттегенде кәсіпорандар белгілі бір ережелер, өздеріне арналған стандарттарды шығара ма, қалай?

– Халықаралық аудит заңнамасымен бекітілген стандарттардан бөлек, өзін-өзі реттейтін компания өзінің құрамындағы мүшелері әрекет ететін стандарттарды бекітуге міндеттеледі. Сәйкесінше, компания осы стандарттардың орындалуын қадағалайды.

– Қазақстанда аудиторлық компаниялар көбейсе, нарыққа қалай әсер етеді? Көптіктен пайда бар ма?

– Негізінде мұндай ұйымдардың саны көп болмауы тиіс. Есептеуіміз бойынша отандық нарықта мұндай ұйымның 2-3-еуі ғана болуы керек, бұл максимум. Бүгінгі күні нарықта 198 аудиторлық компания жұмыс істейді, оның ішінде ҚР Қаржы минстрлігінінен аккредиттен өткен 3 ұйым бар. Олар «Аудиторлар коллегиясы» аудиторлардың кәсіби ұйымы, Қазақстан Республикасының аудиторлар палатасы, Қазақстан аудиторлар одағы. Демек, нарыққа жеткілікті көлемде аудиторлық компания жұмыс істеп отыр. Мәселенің бәрі санда емес сапада және функцияларды бөліп алуда жатыр. Бүгінде аудиторлық жұмыс мемлекет тарапынан да, аудиторлар тарапынан да жүргізіліп отыр. Бұл кәсіпкерлік объектілеріне ауыртпалық әкеледі. Мемлекеттік саясаттың бағыты мемлекеттік бақылау үлесін азайтып, өзін-өзі реттеп отырған ұйымдарға бақылау функциясын беру көзделген. Осы үдеріс жүзеге асып жатыр.

– Саланы жетілдіру үшін қандай қадамдар жасау керек?

– Біріншіден, аудиторлық қызметті лицензиялаудан бас тарту керек. Қазіргі таңда лицензияны жазып беру шартты түрде жасалып отыр. Уәкілетті органдардар беретін лицензияларды алу өте оңай болады, яғни бірқатар техникалық параметрлерді жасап, лицензияға қол жеткізесіз де, жұмыс істей бересіз. Және мемлекеттік бақылау функциясын жеке меншік ұйымдарға беру қажет. Біздің ойымызша мұндай қадамдар салаға оң әсер етеді.

– Демек, мемлекеттік лицензиялаудан бас тартып, белгілі бір ұйымдар қол астына бірнеше компанияларды бақылауды тапсыруы керек пе?

– Өзін-өзі реттеудің екі түрі бар, кәсіби іс-әрекеттің өзін-өзі басқаруы және кәсіпкерлік қызметтің өзін-өзі басқаруы. Сәйкесінше аудит – бұл кәсіпкерлік қызмет, демек, әр өзін-өзі басқаратын компания құрамына ұйым мүше болады. Қазір заңнамаларға сәйкес мүшелікте аудиорлар да, ұйымдар да бар. Жаңа үлгі жүзеге асып жатса, ережеге сәйкес мүшелікте тек ұйымдар ғана болады. Бүгінде Қазақстанда шамамен 200 аудиторлық ұйым бар, біздің коллегиямыз құрамында 80 ұйым бар.

– Сан көптігі, сапаға әсер етпей ме?

– Жоқ, бүгінгі таңда мемлекеттік бақылау жұмысының тиімділігі аз. Ал аудиторлар мен ұйымдар өздерінің біліктілігін көтеріп, кәсібилігін арттырып, халықаралық ұйымдардан тәжірибе алмасып, халықаралық желілерге мүшелікке тұрып жатыр. Бұл мүшелік шетел компаниялармен жұмыс істеу мүкіндігін береді. Ал осы шетелдік ұйымдар – қазақстанға инвестиция жасайтын компаниялар. Демек, аудиттегі «бостандық» саланы жетілдіруге жол ашады. Сондықтан мемлекеттің өзі кәсіпкерлерді аудиторлық бақылаудан бас тартуы керек.

– Бұл қалай жүзеге асады?

– Біріншіден, мемлекет өзін-өзі реттейтін ұйымдардың жұмысын бақылау керек. Ол үшін анықтайтын ережелерді бекіту қажет. Бұл қадам жүзеге асқан. ҚР Қаржы министрлігінің сапаны бақылау ережелері бар, аттестациялау ережелері бар, мемлекеттік органдар да бұл үдерісті бақылап отыр. Негізінен мемлекеттік бақылау қалады, тек оның жолдары өзгереді. Мәселен, аудиторлық бірлестік бірнеше аудиторлық компанияларды бақылауға алады, ал бірлестікті мемлекет бақылайды. Компаниялардың жұмысын қадағалау, жұмыс сапасын бақылау және ішкі лицензиялауды өткізіп тұрады. осы ретте өзін-өзі реттейтін ұйымдар сапа бақылауына жауап беретін болады. Нормаларға сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйымдар нарыққа өздері кіргізген әр компания үшін жауап беретін болады. Біздің ойымызша бақылаудың осындай түрі тиімді.

– Демек, талап жоғары қойылған сайын аудиторлық компаниялар жақсы жұмыс істейді ме?

– Иә, осындай тәсіл арқылы бәсекелестік ортасы қалыптасады. Тұтынушы нарықта өзін ұнайтын ұйымды таңдай алады, демек, компаниялар жеке имиджі үшін жұмыс істейтін болады. Келесі жылы біздің бастамамыз қолға алынады деп ойлаймыз. Әзірге ҚР Қаржы министрлігі қолдамай жатыр, ал «Атамекен» ҰКП, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен нарықтағы кәсіпқой сарапышлар идеямызды құптайды. Жана жүйенің бекітіліп, енгізілуіне уақыт керек. Мемлекет бақылауды беріп, компаняиларды сынап көреді. Сынақ мерзімінде күтілетін нәтижелер болмаса, бақылау функциясы мемлекетке қайтадан өтеді. Біз шетелдік сарапшылардың ұсыныстары мен тәжірибесін назарға аламыз, бірақ, түбегейлі шетелдік үлгіні енгізу жоспарда жоқ, қажеттілігі жоқ. Жүйе қазақстандық заңнамаға сәйкес құрылады.

– Сіздің ойыңызша аудиторлық қызметті жетілдіруде ең басты кедергі қандай?

– Басты кедергі – мемлекеттік реттеу функциясының көптігі, сол бақылау өзін-өзі басқарудың қозғалысын тежеп отыр.

Сұхбаттасқан Әлия Кемелбекова