Комитет дауыс беру құқығын иеленген 14 салалық қауымдастықтан (одақтардан), сонымен қатар  дауыс құқығын иелене отырып, келесі салалармен ұсынылған 14 кеңесшілерден құралған: мал шаруашылығы (ет-сүт өндірушілер одағы, сүт өнімдерін шығарушылар одағы, құс өсірушілер одағы, шошқа өсірушілер қауымдастығы, мал дәрігерлері қауымдастығы, Қазақстан ара өсірушілер одағы); өсімдік шаруашылығы (қазақ мақта қауымдастығы, ҚР-ның картоп өсірушілер қауымдастығы, астық одағы, май өнеркәсіптік кәсіпорындар қауымдастығы, Қазақстандық өсімдікті қорғау құралдарын өндірушілер қауымдастығы); аралас (несиелік серіктестік қауымдастығы, Қазақстан фермерлері қауымдастығы, тұтынушылық кооперациялар одағы) салаларынан құралған.  

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрақтары бойынша шоғырланған және келісілген ұстанымын әзірлеу және сараптама жасау Комитет міндетіне кіреді:

1.     АӨК саласындағы мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тәсілдемелер;

2.      АӨК сұрақтары бойынша заңнаманы  жетілдіру;

3.     ауыл шаруашылық саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басым мәселелерді анықтау;

4.     АӨК дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және оны жүзеге асыруға қатысу;

5.     ауыл шаруашылық мәселелерін мемлекеттік органдардың қатысуымен  шұғыл шешу мақсатында  аграрлық нарық субъектілерінің мәселелерін шоғырландыру;

6.     халықаралық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайту.