Астана қ., Есіл ауданы, Д.Қонаев көш., 8, «Б» блогы, 17-қабат, 1721 кеңсе
Тел: +7 7172 919 382, 919 381
Сайты: www.aca.kz
 

Төрелік орталығы өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясын, ҚР «Халықаралық төрелік туралы», «Аралық соттары туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерін, сондай-ақ 2014 жылдың қараша айында Орталықтың Басқарма кеңесімен бекітілген Төрелік орталығының Регламентін (бұдан ары – Регламент) басшылыққа ала отырып іске асырады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда төрелік ісінің екі түрі әрекет етеді: халықаралық төрелікте талқыланатын – халықаралық, аралық сотта қаралатын – ішкі төрелік. Біріншісінің қызметі «Халықаралық төрелік туралы» заңмен, екіншісінің қызметі «Аралық соттар туралы» заңмен регламенттеледі.

Дауларды шешудің баламалы институттарына деген сенім олардың қызмет сипатымен, тараптарға берілген төреші мен төрелікті нақты таңдау мүмкіндігінің ғана емес, сондай-ақ олардың шын мәніндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етуінің арқасында орнап отыр.

Төрелік орталығының басшысы болып тәжірибелі заңгер, заң ғылымдарының кандидаты Асқар Қалдыбаев тағайындалған.