Астанада «Тұмар» Бірінші Ұлттық телевизиялық сыйлығының салтанатты рәсімі  өтті

Сыйлықты табыстау салтанатына танымал тележүргізушілер, журналситер, сонымен қатар отандық ірі телеарналардың басшылары қатысты. Сыйлыққа ұсынылған 200-ден астам таңдаулы жобалар ішінен қазылар алқасы үздік 12 жобаны іріктеп алды. Осы жеңімпаздар қатарында Atameken Business Channel телеарнасы бар.

 Отандық теленарыққа енгізілуіне көп уақыт өтпесе де, Atameken Business Channel шын мәнінде іскер әлемде  өзінің орнын еншілеп үлгірді. Нәтижесінде ұйымшыл ұжым қанжығасында «Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы» атты аталымды жеңіп алды.  Осындай дәрежелі сыйлықты Atameken Business Channel телеарнасы басшысы Юлия Валиахметоваға ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев табыстады.

Юлия Валиахметова «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық сыйлығы ұйымдастырушыларына алғыс айтып, отандық телевизия осындай сыйлықты 25 жыл күткенін атап өтті: «Телевизия саласының үздіктерін анықтайтын бұл сыйлықтың болашағы зор деп сенемін. Келесі жылы ақпараттық бағдарламаның ең үздік режиссері, ең үздік сценарисі, ең үздік тележүргізушісі деп жеке аталыммен марапаттаймыз деп ойлаймын! Барлықтарыңызға сәттілік тілеп, алғысымды білдіремін!».     

Айта кетелік, интернет-портал платформасында Atameken Business Channel жеке телеарна болып 2016 жылдың 23 мамырында іске қосылды, ал 2016 жылдың 1 желтоқсанынан бастап арна «KazSat» кабельді тарату телекомпаниясының тізіміне еніп, отандық телеарналар арасында өз орнын еншіледі.  

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық сыйлығының халық арасында жылу қабылданғанын назарға ала отырып, келесі сыйлық  баспасөз, интернет, онлайн-бысылымдары журналистикасы саласына арналмақ.  

 «Тұмар» І Ұлттық телевизиялық сыйлығы салтанатында 12 аталым бойынша марапат жасалды:

«Телевизиялық маусымның ең үздік оқиғасы»  – Atameken Business Channel телеарнасы;

«Ең үздік деректі фильм» – «Ұлы қазақстардың құпиялары мен тағдыры» «Хабар» агенттігі;

«Ең үздік әлеуметтік жоба» – «Айтуға оңай» бағдарламасы «Қазақстан» ҰТА;

«Ең үздік ақпараттық бағдарлама» – «Информбюро», «31 телеарна»;

«Ең үздік ақпараттық-сараптамалық бағдарлама» – «Апта.kz» бағдарламасы «Қазақстан» ҰТА;

«Ең үздік музыкалық бағдарлама» – «Музыкальный перфоманс» бағдарламасы «TV Key» телеарнасы;

«Ең үздік ток-шоу» – «Наша правда» бағдарламасы «КТК» телеарнасы;

«Ең үздік телевизиялық сериал» – «Әке» сериалы «Қазақстан» ҰТА;

 «Ең үздік әзіл-сықақ бағдарламасы» – «Күлегеш» бағдарламасы «Балапан» телеарнасы;

«Телевизия саласына қосқан үлесі үшін» аталымын отандық журналистиканың ардагері, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Сұлтан Оразалы иеленді;

«Ең үздік өңірлік бағдарлама» – «Адасқандар» бағдарламасы «Қазақстан-Атырау» телеарнасы;

«Ең үздік өңірлік әлеуметтік бағдарлама»  – «Город сегодня» бағдарламасы Ақтөбе қ. «Рика» телеарнасы.