Қызылорда облысының прокуроры Халидулла Дәуешов жалғанкәсіпкерлік бойынша кез келген айыптау фактіні қатаң бақылауға алды

Айта кетелік, бұл шарада бизнес өкілдері жақсы белсенділік танытты. Прокурор қабылдауында 15 кәсіпкер болды. Облыс бойынша жалған кәсіпкерлік әлі өзекті мәселе болып табылады. Прокурордың қабылдауында болған кәсіпкерлер жалған кәсіпкерліктің құрбаны болғандарын, және соған байланысты мемлекеттік органдардың қолданған шараларына назаразылықтарын білдірді.

«Мега LTD»ЖШС директоры орынбасары Иосиф КимҚызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жалған кәсіпкермен жұмыс істеген контрагент реніде куәлік беріп отырғанын хабарлады. Кәсіпкер келесідей мәліметтерді келтірді: «Біз жұмыс істеген серіктестің жалған кәсіпкер ретінде танылатын сот шешімі жасалмаса да, бізге тұрақты түрде контрагент ретінде салық төлеу керек деген хат-хабарламалар келеді. Сонымен қатар, аталған орган тарапынан тергеу амалдары мен шақыртулар  тоздырып бітті. Соңғы ай бойынша 5 рет шақырту алдық».

Жалған кәсіпкерліктің келесі құрбаны – «Орион» ЖШС директоры шалқар Жаңабергенов. «Бізді үлкен көлемде салық тқлеуге міндеттеді, өйткені біз соңғы бес жылда жалған кәсіпкермен жұмыс істеппіз-мыс. Осы жылдар аралығында біз тұрақты түрде салық төлеп келеміз. Айтыңыздаршы, біз жалған кәсіпкермен жұмыс істеп жатқанымызды қалай білеміз? Олардың құжаттарын тереңірек зерттеуге мүкіндігіміз жоқ. Барлық келісімдер әдетте, екі тараптар арасында жаслаған келісім-шарттар негізінде жүзеге асады. Қазіргі таңда мен жұмысымды жалғастыра алмай отырмын. Барлық шоттарым бұғатталған.

 Кәсіпкерлер арасында сондай-ақ жер учаскелері, мемлекеттік Облыс прокуроры Халидулла Дәуешов әр мәселені аяғына дейін тыңдап, барлық көтерілген мәселелрді аяқсыз қалмайтынын тілге тиек етті.

17 наурыз күні Облыс прокуратурасының  өткен алқалы отырыста прокурор жалған кәсіпкерлік бойынша көтерілген сұрақтардың барлығын қатаң бақылауға алатынын айтты, орын алған әр факт терең зерттелетін болады.