2017 жылдың 22 мамырында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің бизнес форумы өтеді. Іскерлік шараны Қазақстанның сыртқы сауда палатасы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мәмин, мәртебелі шейх, БАӘ сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Абдалла бен Заид Аль Нахаян, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінің сауда-өнеркәсіптік палаталары мен инвестициялық компанияларының басшылары қатысады деп күтіледі.

Біріккен Араб Әмірліктерінің ауқымды бизнес-делегациясының құрамында инвестиция, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы мен тағамдық өнеркәсіп, фармацевтика, жылжымайтын мүлік, құрылыс салаларындағы кәсіпкерлер болады.

Форум аясында «Қазақстан өнімінің экспорттық мүмкіндіктері» мен «Бірлескен қор құру» тақырыптарында панельдік сессиялар жоспарланған.

Сонымен қатар, инвестиция, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы мен тағамдық өнеркәсіп, фармацевтика, жылжымайтын мүлік пен құрылыс саласына арналған В2В форматында кездесу өткізу үшін арнайы алаң ұйымдастырылады.

Іс-шараның маңыздылығы жоғары екенін назарға ала отырып, қатысу үшін өтінімдеріңізді 19 мамыр күні сағат 18-00-ден кешіктірмей, арнайы үлгіні толтырып, palata.events@mail.ru почтасына жолдауларыңызды сұраймыз.

Ақпарат үшін Динара Омароваға хабарласа аласыздар, тел: 919 083 (ішкі нөмірі 7119), моб.тел: 8-707-301-30-21