Алматыда Retail business Kazakhstan-2017 атты ірі Саммит жұмысы  басталды

 Биыл Саммит ЕАЭО мүше елдер арасындағы жоғары бәсекелестік пен орнаған елеулі талаптарға байланысты ерекше өтті. Нарықта сервистік қызмет, тауарлық ұсыныстар мен бәсекелік басымдықтарды жоғарылатудың уақыты жетті. 

«Сауда саласын ары қарай  жетілдіру үшін ынталандыратын әрекеттер қажет. «Атамекен» ҰКП бірқатар елдердің сауда инфрақұрылымы дамуының деңгейін білу мақсатында сараптама жасады. Сараптама нәтижесінде отандық сауданың әлемнің жетекші мемлекеттерінен ғана емес, тіпті Кедендік одаққа мүше елдерден кенжелегені анықталды. Біз барлық критерийлер бойынша тізім соңындамыз», – деді ҰКП Басқарма Төрағасы Нұржан Әлтаев.

Спикердің айтуынша бүгінгі сауда саласы мен ретеилді айтарлықтай өзгерістер күтіп тұр. Бірінші кезекте оларға жаңа технологиялар әсер етпек.

 «Мәселен, 2014 жылдың аяғында Walmart акциялары 21%-ға арзандаған болатын, ал Amazon акциялары осы аралықта 119%-ға көтерілген. Дәстүрлі және электронды ретеилдер арасындағы дауда технологиялар жеңіске жеткен», –деді Нұржан Әлтаев.

 Сауда саласын жандандыру туралы оймен еліміздің ірі ретейлері, Magnum Cash & Carry сауда желісінің бас директоры Александр Гарбер де келеседі.

«Сауда саласы 2004 жылы бекітілген заңнамамен реттеледі. Бүгінде аталмыш заң қатты ескіріп, жаңа шаралар қолдануды талап етеді. Бұл үдеріске мемлекет қана емес, сонымен қатар нарықтың мүшелері де атсалысуы керек. Бүгінгі шараға нарықтың жетекші ойыншылары мен мемлекеттік органдар өкілдері жиналды. Сауда субъектілері қаржылық және басқа да қолдауға мұқтаж», – деді Александр Гарбер.

Сауда саласын қолдау тетіктеріне жергілікті әкімдіктерден тұрғын үй бағдараламаларын іске асыруда жаңа сауда нысандарын салу үшін жер учаскелеріне бөлінетін заттай гранттар бөлуді де қосу керек.

Нұржан Әлтаевтың айтуынша бүгінгі шарада айтылған ұсыныстар ары қарай ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданады.

 «2016 жылдың қазанында ҚР Премьер-Министрі сауда саласының компаниялары және қауымдастықтарымен кездесті. Күн тәртібінде саланы дамыту мен қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесі тұр. «Атамекен» ҰКП пен бизнес бүгінгі ұсыныстарға сараптама жасап, оларды ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолдайтын болады», – деді Нұржан Әлтаев.

Шара барысында «Атамекен» ҰКП мен ҚР сауда желілері одағы арасында өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық туралы келісіге қол қойылды.