Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары» және «Алтын сапа» байқауларына қатысушыларға арналған семинар өтті

Семинарға Маңғыстау облысынан өтініш білдіргендердің арасынан 26 кәсіпорын қатысты. Олардың қатарында «КазАзот» АҚ басшысы А.К.Сүлейменов, «Бикада» ЖШС басшысы Г.М.Мусина, «КЕЗБИ» ЖШС басшысы К.Ереженов болды.

«Атамекен» ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары Салтанат Әбдікәрімова Маңғыстау облысының кәсіпкерлеріне материалдарды ресімдеу, есептерді дайындау талаптары мен қатысу ережесін түсіндірді.

Салтанат Әбдікәрімованың айтуынша, «Алтын сапа» сыйлығын алу үшін өнім өндіретін және қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Сонымен қатар, altynsapa.kz сайтында өтінім берген үміткерлер 1 маусымнан бастап сайттағы жеке кабинеттерін ашып, онлайн-есеп бере алады. Осыған дейін қағазға басып шығарып өткізетін болса, енді онлайн жолдауға мүмкіндік жасалған.

Байқауға қатысуға ниет білдіргендер 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін рәсімдеу талабына сай дайындалған өтінімдер мен материалдарды, байқауға қатысушылардың материалдарына алдын-ала бағалауды өткізу керек. Материалдарды рәсімдеу тәртібі altynsapa.kz сайтында жарияланған.

«Қазақстанның үздік тауары» байқауына Қазақстан аумағында өндіріспен айналысатын  жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.  «Алтын сапа» Президент сыйлығын алуға ниеттілер Қазақстан аумағында кем дегенде 3 жыл өндіріс өндіру мен қызмет көрсету саласында жұмыс істеуі керек. Сонымен қатар, қатысушылардың ИСО мемлекеттік сертификаты болуы міндетті.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлім басшысы Аққу Айтжанованың айтуынша бүгінгі таңда байқауға қатысуға 35 мекеме арыз беріп,  оның ішінен 26 кәсіпорын семинарға қатысты. Ал қалған 9 мекеме семинарға қатыспағанымен, байқауда бақтарын сынайды.