Аккредиттелген қауымдастықтар

ҚР ҰЛТТЫҚ ПАЛАТАСЫНДАҒЫ АККРЕДИТТЕУ

«ҚР Ұлттық палатасы туралы» ҚР Заңына, ҚР ҰКП жүйесіндегі қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеу ережелеріне сәйкес ҚР Ұлттық палатасында аккредиттелу құқығына қауымдастықтар (одақтар) түріндегі заңды тұлғалар және (немесе) жеке кәсіпкерлер бірлестіктері ие:

  • республикалық салааралық, салалық қауымдастықтар (одақтар);
  • шағын, орта және (немесе) ірі кәсіпкерліктің республикалық қауымдастықтары (одақтар).

Ұлттық палатада аккредиттелген жоғарыда көрсетілген қауымдастықтар (одақтар) Заңға сәйкес:

  1. Ұлттық палата съезінің;
  2. Ұлттық палата Төралқасының;
  3. Ұлттық палата Төралқа Комиттеттерінің жұмысына қатысуға құқылы.

Ұлттық палата  «ҚР Ұлттық палата туралы» ҚР Заңында және өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған қызметтерді іске асыруға Ұлттық палатада аккредиттелген қауымдастықтарды (одақтар) шарттық негізде тартуға құқылы.

Аккредиттеу тәртібі мен талаптары 2013 жылдың 8 қазанындағы Төралқа шешімімен (№2 хаттама) бекітілген Аккредиттеу ережелері мен Ұлттық палата жүйесінде қауымдастықтарды (одақтарды) аккредиттеуге қойылатын талаптармен анықталған.  

Аккредиттеу үшін құжаттар қабылдау 2013 жылдың 12 қазанынан 2014 жылдың 12 қаңтары аралығында жүзеге асқан.

2014 жылдың 12 қаңтарында ҚР ҰКП аккредиттеуге құжаттар қабылдау аяқталды.

Ұлттық палатада аккредиттеу өтетіні туралы хабарландыру «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылдың 12 қазанындағы санында жарияланған (22-б.); Ұлттық палатада аккредиттеуге құжаттар қабылдау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарландыру «Казахстанская правда» газетінің 2013 жылдың 19 қарашадағы (11-б.) және 2013 жылдың 19 желтоқсандағы санына шыққан (13-б.). Сонымен бірге барлық хабарландырулар Ұлттық палатаның ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Бүгінгі күні Ұлттық палатада қауымдастар (одақтар) түріндегі 119 заңдық тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестіктері аккредиттелді.

Аккредиттелген қауымдастықтар тізімімен мына жерден таныса аласыз.

Аккредиттеу мәселелері бойынша ҚР ҰКП Құқықтық қамсыздандыру департаментіне мына байланыс телефоны арқылы жүгініңіз: 8 (7172) 919 356.