ЕАЭО Кедендік кодексі

Кедендік одақтың Кедендік кодексі төрт жыл бойы, яғни, 2010 жылдың шілде айынан бері ешқандай жүйелік ақаусыз жұмыс істеп келеді. Бірақ, интеграцияның жаңа кезеңіне көшу - Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы, бұған дейін қолданыста болған бүкіл келісімшарттық-құқықтық базаны қайта қарау, терминологияны және реттеу әдіс-тәсілдерін өзгерту – кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық келісімдерді қайта қарауды талап етті.

Осыған байланысты, 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі жобасын даярлау жөнінде жұмыс жүргізіліп келеді.

Тұңғыш рет бизнес-қоғамдастық өзінің табанды талап қоюының  нәтижесінде өз проблемалары жайында сөз қозғап, оларды мемлекеттік органдардың қарауына жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге жаңа мемлекетүстілік Кедендік кодексті редакциялауға тікелей қатысуға мүмкіндік алды.  

2013 жылдың қазан айында құрылған ЕЭК Кеңесінің Жұмысшы тобында қазақстандық бизнестің мүдделерін ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев пен КБҚҚ төрағасы Геннадий Шестаков білдіреді.

Жобаны әзірлеумен тікелей айналысатын Сараптамалық топ құрамына қазақстандық бизнес-қоғамдастықтың 28 өкілі кірді. Ұлттық палатаның Ресей Федерациясындағы Өкілдігінің директоры Нұрболат Сүкіров  олардың жұмысын үйлестіреді және Сараптамалық топтың Мәскеу қаласындағы отырыстарына тікелей қатысады. 

ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасында кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін 16 халықаралық келісімнің ережелері, және де халықаралық шарттардың 6 жобасы іске асырылады.

Жекелеген халықаралық уағдаластықтар ретінде кедендік мәселелерді қозғайтын, бірақ тікелей кедендік құқықтық қатынастарды реттемейтін бес шарт қана қалады. Бұл уағдаластықтар кедендік қызметтердің бірлескен алқасының жұмысына, кедендік қызметтер өкілдіктерінің іс-әрекетіне, тұлғаларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту ерекшеліктеріне және т.б. қатысты.

Жобамен жұмыс істеу барысында оған кедендік формальдылықтарды оңайлатуға бағытталған және үздік халықаралық практикаға сай келетін ережелер енгізілді, олар мынадай:

  • электронды (қағазсыз) декларациялаудың басымдығы;
  • тәуекел профильдері жұмыс істемеген жағдайда тауарларды автоматты түрде шығару;
  • акцентті кедендік бақылау сатысынан тауарларды шығарғаннан кейінгі сатыға ауыстыру;
  • СЭҚ қатысушыларынан кедендік органдарға алдын ала ақпарат беру және тауарлары кедендік декларациялау кезінде ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді қайта сұрауға тыйым салу;
  • Кедендік органдардың құқыққа қайшы әрекеттеріне, әрекетсіздіктеріне жауапкершілікті күшейту.

Сонымен бірге, Кодекс жобасына, бизнестің пікірі бойынша, халықаралық сауданы енгізу шарттарын нашарлататын нормалар енгізілген, мысалы:

  • Декларант тауарларды басқа кедендік ресімге орналастыруы кезінде кедендік баж салығы сомасынан пайыз анықтау және алу (мысалға, уақытша әкелімнен не болмаса тауарды ішкі тұтынуға шығарудағы кедендік қайта өңдеу ресімінен);
  • кедендік ресімдеу кезінде декларацияда көрсетілуі тиісті мәліметтер көлемін ұлғайту;
  • кедендік органдар қамтамасыз ету ретінде қолданатын төлемақылар тізілімін кеңейту (арнайы, демпинге қарсы және өтемақылық баж салығы);
  • тауарларды алдын ала кедендік декларациялау үшін, оларға қатысты жарияланған, бірақ күшіне енбеген, кедендік баж салығын, салықтардың мөлшерлемелерін бекітетін, сондай-ақ, жеңілдіктер және т.б. беру шарттарын өзгертетін актілерді қолдануға тыйым салу.

2014 жылдың 18-желтоқсанында  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының №233 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың Кедендік кодексі туралы Шарт жобасы бекітілген болатын, Шарт жобасы мемлекетішілік келісу ресімдерін жүргізу үшін Тараптарға жіберілді.

2015 жылдың 19-ақпанында Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекетішілік келісу ресімдерін аяқтау мерзімін ауыстыру және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті алаңында ЕАЭО КК жобасына тұжырымдамалық ұсыныстар даярлау жөнінде Жұмысшы тобын құру туралы шешім қабылдады.

2015 жылы 20-наурызда Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Д.Е.Ерғожиннің бұйрығымен қазақстандық бизнестің қатысуымен жаңа Ведомствоаралық Жұмысшы тобы құрылды, ол күнделікті режімде, негізгі қызметінен қол үзіп, 2015 жылдың 30-наурызынан 30-сәуіріне дейінгі кезеңде ЕАЭО КК жобасына төмендегі тұжырымдамалық ережелерді ескере отырып, түзетулер әзірледі:

  1. Жобадан «Резиденттік» қағидатын жоюға бағытталған нормаларды алып тастау.
  2. Жобадан жанама салықтар төлеуді (ұлттық заңнаманың жанама салықтар алуды реттеуі) реттейтін нормаларды алып тастау.
  3. Халықаралық және ішкі транзитті ұлттық бірдейлендіру мүмкіндігінсіз жүзеге асыру тәртібін реттеу: өткізу пункттерін анықтау, тексеру, қосымша құжаттар сұрау, қамтамасыз ету сертификаттары мен бірдейлендіру құралдарын мойындау және т.б. бойынша дербес шешімдер қабылдау.

2015 жылдың 25-мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі алаңында ЕАЭО КК жобасына тұжырымдамалық өзгертулер енгізу жөніндегі Ведомствоаралық жұмысшы тобы жүргізген жұмыстардың нәтижелері бойынша қазақстандық Тараптың бірыңғай позициясын әзірлеу және оны қарау жөнінде мәжіліс өтті, оған мемлекеттік органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық бизнес-қауымдастықтардың өкілдері қатысты. 2015 жылдың маусым айында, бизнестің ескертпелері мен тұжырымдамалық ұсыныстарын енгізгеннен кейін, қазақстандық Тараптың позициясы Еуразиялық экономикалық позицияға жіберілді. 

Сараптамалық топтың 18.03.2016 ж. 21-ші отырысының қорытындысы бойынша Кедендік кодекс жобасы

Сараптамалық топтың 04.03.2016 ж. 20-шы отырысының қорытындысы бойынша Кедендік кодекс жобасы

Сараптамалық топтың 05.02.2016 ж. 19-шы отырысының қорытындысы бойынша Кедендік кодекс жобасы

Сараптамалық топтың 18.12.2015 ж. 18-ші отырысының қорытындысы бойынша Кедендік кодекс жобасы

Сараптамалық топтың 20.11.2015 ж. 17-ші отырысының қорытындысы бойынша Кедендік кодекс жобасы

Сараптамалық топтың 16.10.2015 ж. 16-шы отырысының қорытындысы бойынша Кедендік кодекс жобасы

Сараптамалық топтың 18.09.2015 ж. 15-ші отырысының қорытындысы бойынша Кедендік кодекс жобасы

Сараптамалық топтың 23.07.2015 ж. 14-ші отырысының қорытындысы бойынша Кедендік кодекс жобасы

Сараптамалық топтың 26.06.2015 ж. 13-ші отырысының қорытындысы бойынша Кедендік кодекс жобасы

ЕЭК 18.12.2014 ж. №233 шешімімен бекітілген ЕАЭО Кедендік кодекс жобасы

Жұмысшы тобының 19-шы мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 18-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 17-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 16-шы мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 15-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 14-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 13-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 12-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 11-ші мәжілісінің хаттамасы

2015 ж. 21 қаңтардағы мәжіліс хаттамасы

Жұмысшы тобының 10-шы мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 9-шы мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 8-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 7-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 6-шы мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 5-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 4-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 3-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 2-ші мәжілісінің хаттамасы

Жұмысшы тобының 1-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 21-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 20-шы мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 19-шы мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 18-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 17-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 16-шы мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 15-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 14-шы мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 13-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 12-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 11-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 10-шы мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 9-шы мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 8-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 7-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 6-шы мәжілісі хаттамасына толықтырулар

Сараптамалық топтың 6-шы мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 5-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 4-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 3-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 2-ші мәжілісінің хаттамасы

Сараптамалық топтың 1-ші мәжілісінің хаттамасы