Іскер әйелдер кеңесі

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Іскер әйелдер кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылды. Өңірлік кәсіпкерлер палаталары алаңдарында Өңірлік іскер әйелдер кеңестері, сондай-ақ, аудандық деңгейде дәл осындай кеңестер жұмыс істейді.

1 шілдеде Астанада Қазақстан Республикасы  Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің І конгресі өтті.

Конгресте Ұлттық палата жұмысы аясында Кеңес қызметін жүргізудің стратегиялық келешегі, елімізде әйелдер кәсіпкерлігі саласындағы ахуалды жақсарту бағыттары, сондай-ақ, әйелдер қатысатын шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Кеңесті құрудың басты идеясы – өңір әйелдерінің іскерлік ортадағы белсенділігін күшейту.

Кеңестің міндеттері:

Әйел-кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін ынталандыру;

Әйелдердің жеке кәсіпкерлікке араласуын, олардың экономикалық бастамаларын қолдау және экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту.

Кеңес өз қызметін мынадай бағыттар бойынша іске асырады:

- Республикадағы шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесі туралы ақпараттық-ағартушылық қызметті ұйымдастыру;

Жаңа бастаған әйел-кәсіпкерлерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық қолдау көрсету;

Перспективалы бизнес-идеяларды, жобаларды қолдау;

Іскер әйелдердің экономикалық құзыреттілігін көтеру және олардың арасындағы іскерлік байланыстарды нығайту;

Кәсіпқой әйел-кәсіпкерлердің өңірлерді, қалалар мен кәсіпорындарды экономикалық дамытудың ең тиімді тәсілдері бойынша тәжірибе алмасуын жолға қою;

Қазақстандық және шетелдік әйел-кәсіпкерлердің арасындағы сындарлы сұхбатты жолға қою, оның ішінде қазақстандық және шетелдік әйел-кәсіпкерлердің экономикалық әрі мәдени қарым-қатынас жасауы;

Шетелдік іскерлік орталарда еліміздің әйел-кәсіпкерлерінің оң имиджін қалыптастыру. 

Рамазанова Лаззат Керімқұлқызы

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы


1973 жылы 17 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

• Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін, (1990-1995), Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген (1998-2001).

• Еңбек жолын банк жүйесінде бастаған (1994-1995).

• 1995-1998 жж. – Қазақстан республикасының Майндағы Франкфурт қ. Бас консулдығы.

• 1998-1999 жж. – ҚР СІМ баспасөз-атташесі, Әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі.

• 1999-2002 жж. – ҚР Қаржы министрінің хатшылығы.

• 2002 ж. – ҚР ЭБЖМ Халықаралық қаржы қатынастары департаментінің бөлім бастығы.

• 2003-2005 жж. – «Dala group» ЖАҚ Бас директорының кеңесшісі, кейіннен Бас директоры.

• 2006-2007 жж. – ҚР Қаржы министрлігі аппаратының басшысы.

• 2007-2008 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.

• 2008-2009 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті Алматы облысы бойынша Қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары.

• 2011-2013 жж. – ҚР ҚМ Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар саласындағы бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талдау, іске асырылуын бағалау және жоспарлау департаментінің директоры.

• 2013 жылдан  – «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы хатшылығының басшысы.

• 2015 жылдан – «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы. 


Бисембаева Бағила Мүбәракқызы – Астана қаласы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1964 ж. Ақмола облысы Атбасар қаласында туған.

  • 1991 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «философ-саясаттанушы» мамандығы бойынша бітірді.

  • 1998 жылы Еуразия нарық институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді.

  • Еңбек жолын 1982 ж. Атбасар қалалық халыққа білім беру бөлімінің №3 орта мектебінде нөлдік сынып мұғалімі болып бастады.

  • 1983-1985 жж. – Атбасар қ. Атбасар тігін фабрикасының тігінші-моторисі.

  • 1991-1996 жж. – Көкшетау педагогикалық институты Саясаттану және экономикалық теория кафедрасының оқытушысы, Көкшетау қ.

  • 1996-1998 жж – «Арман» Халықаралық нарықтық экономика орталығының бағдарламалары жөніндегі менеджері, Алматы қ.

  • 1998-2001 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономика, қаржы және бюджет комитеті хатшылығы секторының меңгерушісі.

  • 2001-2004 жж – ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігі басшысының орынбасары.

  • 2004-2007 жж. – ҚР Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.

  • 2007-2012 жж. – ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

  • 2012-2014 жд. – ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты жетекшісінің орынбасары.

  • 2014 жылдан бері – «Фортуната» ЖШС директоры. 

Шаяхметова Үміт Болатханқызы – Алматы қ. Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1969 жылы 19 наурызда туған.

  • 1993 жылы П.Лумумба атындағы Ресей Халықтар достығы университетін «экономикалық ғылымдар бакалавры» біліктілігін алумен бітірген.

  • 1996 жылы АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында Rutgers University оқу орнын МВА.дәрежесімен бітірген.

  • 1997 жылдан «АБН АМРО Банк Қазақстан» ЖАҚ еншілес банкінің Құрылымдық қаржыландыру басқармасында түрлі қызметтер атқарған.

  • 1998 жылдан - «ABN AMRO Asset Management» КУПА Басқарма төрайымы.

  • 2000 жылдан – «АБН АМРО Банк Қазақстан» ЖАҚ ЕБ Басқарма төрағасының орынбасары.

  • 2004 жылдың қараша айынан – Халық банкі Басқарма төрағасының орынбасары.

  • 2009 жылдан – «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма төрайымы. 

Бексұлтанова Көгершін Нұрмағанбетқызы – Ақмола облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1963 жылы 30 сәуірде Ақмола облысында дүниеге келген.

  • 1984 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын бітірген.

  • 1984-1999 жж. – Ақмола облысы Зеренді ауданы Раздольный орта мектебі, мұғалім.

  • 2000 жылдан бүгінгі күнге дейін – «Келешек – 2030» ЖШС басшысы, құрылтайшысы.

Айдарханова Күлпаршын Алпысбайқызы – Ақтөбе облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1966 жылы 9 қарашада Ақтөбе облысында туған.

  • 1991 ж. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «Педиатрия» мамандығы бойынша бітірген.

  • 2010 ж. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Психология» мамандығы бойынша бітірген.

  • 1983-1985 жж. – Ақтөбе қалалық клиникалық ауруханасында кардиологиялық бөлімнің санитаркасы.

  • 1991-1992 жж. – Новороссийск аудандық ауруханасы, интерн-дәрігер.

  • 1992-1993 жж. – Ақтөбе аудандық ауруханасы, аудандық педиатр.

  • 1993-1996 жж. – Ақтөбе аудандық ауруханасы, емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары.

  • 1996-2001 жж. – «Ақбөбек» реабилитациялық орталығының директоры.

  • 2001-2007 жж. – Облыстық «Ақтөбе» балалар қорының атқарушы директоры.

  • 2007-2013 жж. – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитеті Ақтөбе облыстық Балалар құқықтарын қорғау департаменті» ММ директоры.

  • 2013-2014 жж. – «Ақтөбе облыстық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» ММ басшысы.

  • 2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мектепке дейінгі және арнаулы білім беру кафедрасының аға оқытушысы.

Мұсабекова Мәмила Құрманжанқызы – Алматы облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

«Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры.

1963 ж. 27 наурызда Алматы облысында туған.

  • 1984 ж. Алматы Халық шаруашылығы институтын «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген.

  • 1984-1998 жылдары – КСРО Мемлекеттік банкі Талдықорған облыстық кеңсесі. ҚР Ұлттық банкінің Талдықорған облыстық басқармасы.

  • 1999-2001 жылдары – «Гера ЛТД» ЖШС бухгалтері.

  • 2001-2005 жылдары – «ҚР Ұлттық банкі» ММ Алматы облыстық филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі.

  • 2005-2006 жылдары - «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ №1 Есеп-кассалық бөліміінің бастығы. 

Беккужиева Әлия Байжанқызы – Атырау облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1961 жылы 10 қыркүйекте Атырау облысында туған.

  • 1983 жылы Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

  • 1983-1987 жылдары - «Рембыттехника» ЖШС экономисі.

  • 1987 жылдан - «Рембыттехника» директоры.

  • 1997 жылдан – «Өнерпаз» ЖШС Бас директоры.

  • 1999 жылдан – Атырау облысы «Кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағы» ҚБ төрайымы.

  • 2005 жылдан – «Атырау облысы Азаматтық альянсы» ЗТБ төрайымы.

Құспанова Жұлдыз Қазықызы – Батыс Қазақстан облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1976 жылдың 29 наурызында Орал қаласында туған.

  • 1997 жылы Назарбаев шәкіртақысының иегері ретінде Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін эколог мамандығы бойынша аяқтаған. 2001 жылы "қаржы менеджменті" мамандығы бойынша "Еуразия" менеджмент және тіл институтын тәмамдаған.

  • Еңбек жолын ұлттық киім тігу бойынша отбасылық кәсіпорында бастаған (қойма меңгерушісі, өндіріс меңгерушісі, бухгалтер және бас бухгалтер қызметтерін атқарған). 

  • 2005 жылы өз жеке кәсібін - сән студиясын ашқан.

  • 2010 жылдан -ұлттық киім тігуге арналған "Мәрия ханым" сән үйі-отбасылық кәсіпорнының директоры.

  • 2013 жылдан - «Аялы алақан» қайырымдылық бірлестігінің құрылтайшысы.

  • 2014 жылдан - "Қазақстан аруы" ұлттық байқауының өңірлік өкілі, "Орал аруы" директоры.

  • БҚО Іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі.

  • 2016 жылдан - "Жақсылық жолы" қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы.

  • 2016 жылдың сәуір айынан - "Винтаж" студиясының иегері және директоры.

  • БҚО Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі.

Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы – Жамбыл облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1977 ж. Тараз қаласында туған.

  • Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген (2000 ж.), Абай атындаңы Алматы университеті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша экономика магистрі (2003 ж.).

  • Еңбек қызметін 2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде «Қаржы және несие» кафедрасында «Банк ісі» пәнінің оқытушысы болып бастады, сонымен қатар «Бегта Плюс» ЖШС-нде несиелік менеджер болып жұмыс істеді.

  • 2006-2007 жж. – ШОБ Департаменті Өнімдерді әзірлеу және әдіснамасы  басқармасының бас маманы.

  • 2007-2008 жж. – ШОБ Департаменті Өнімдерді әзірлеу және әдіснамасы басқармасының бастығы.

  • 2008 жылдың мамыр айынан сол жылдың желтоқсанына дейін - «АТФ банк» АҚ ШОБ Департаментінің өңірлік үйлестіру басқармасының өңірлік менеджері.

  • 2008 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың сәуіріне дейін - «АТФБанк» АҚ Банктік қызмет көрсету орталығының директоры.

  • 2009 жылдың сәуір айынан сол жылдың қыркүйегіне дейін - «Альянс Банк» АҚ Өңірлік үйлестіру басқармасының бастығы.

  • 2009-2012 жж. - «Альянс Банк» АҚ Шағын және орта бизнес департаментінің директоры.

  • 2012-2013 жж. - «Альянс Банк» АҚ Тараз қ. филиалының директоры.

  • 2013 жылдың қыркүйек айынан бері - «Банк ЦентрКредит» АҚ Тараз қ. филиалының директоры.

Садырбаева Әлия Балатбекқызы – Қарағанды облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1978 ж. Балқаш қаласында туған.

  • 1995 жылы Қазақ Мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, 1999 жылы – Қазақ мемлекеттік заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек қызметін 2000 жылы «Қамқор» ЖАҚ-ында заңгер болып бастады.

  • 2003 жылдың маусымынан осы жылдың қарашасына дейін - MEGA PLUS ЖШС-інде заңгер.

  • 2004 жылдың маусымынан тамызына дейін - Grand Group Estate заңгері.

  • 2005 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін – жеке нотариус.

  • 2006 жылдың қыркүйегінен қарашасына дейін – «РТС Деко» АҚ-ның Қарағанды қ. өкілі.

  • 2006-2008 жж. – «РТС Деко» АҚ филиалының директоры.

  • 2009-2013 жж. - «SunFlowers LTD» ЖШС директоры.

  • 2013 жылдың ақпан айынан қарашасына дейін - «DELUXE» журналының шеф-редакторы.

  • 2014-2015 жж. – «Альянс Полис» АҚ-ында басқарушы менеджер.

  • 2013 жылдың қараша айынан бері - «DELUXE» журналының бас редакторы. 

Ахметова Гүлмира Асқарқызы – Қостанай облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1969 жылы Семей қаласында туған.

  • 1992 жылы Семей технологиялық институтын «АӨК салаларындағы экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2000 жылы – Халықаралық бизнес академиясын бітірген, іскерлік әкімшілік және менеджиент магистрі дәрежесі бар.

  • Еңбек қызметін 1992 жылы шағын бизнес кәсіпорнында бастады. Alem Bank Kazakstan облыстық басқармасының кредиттік бөлімінде экономист, Семей қаржы-экономикалық техникумында оқытушы,  «Сервис-Партнер» газеті ЖШС-інде бас редактор.болып жұмыс істеді.  

  • 1996 жылдың 1 ақпанынан бастап – «Қазақстан Халық банкі» АҚ «Семей» өңірлік филиалында Қор орталығының директоры.

  • 2006 жылдың қараша айынан - «Қазақстан халық банкі» АҚ Талдықорған филиалының директоры.

  • 2014 жылдың мамыр айынан - «Қазақстан халық банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры.

  • «Үздік қаржыгер» медалімен, «Теңгеге 20 жыл» мерейтойлық медалімен,  2011 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. 

Аманова Жанна Нұрланқызы – Қызылорда облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1981 ж. Қызылорда қаласында туған.

  • 2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін ағылшын тілінің аудармашысы-оқытушысы мамандығы, 2005 жылы – Халықаралық бизнес академиясын «қаржы» мамандығы, 2013 жылы – Көшбасшылық және менеджмент институтын (Лондон қ.) менеджмент мамандығы, 2015 жылы -  Аlma management university маркетинг мамандығы бойынша бітірген.  

  • Еңбек жолын 2001 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ағылшын тілінің оқытушысы болып бастады.

  • 2003-2013 жж. - «Петроказахстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ тендерлер мен келісімшарттар бөлімінің маманы.

  • 2014 жылдың сәуір айынан - Denimex, Inc (АҚШ, Хьюстон) тәуелсіз бизнес-кеңесшісі,  Қызылорда қаласындағы өкілі.

  • 2015 жылдың наурыз айынан – Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-консультант» және «Бизнес-өсу» бағдарламаларының бизнес-тренері.

Салихова Сәуле Халелқызы – Маңғыстау облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1966 жылы Атырау облысында туған.

  • 1988 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ инситутын тау инженер-геологы мамандығы бойынша, 1997 жылы – Қазақ политехникалық институтын, 2002 жылы – Халықаралық жоғары дизайн мектебін «Тұрғын үй және қоғамдық орындар интерьерінің дизайнері» мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ ғылыми-зерттеу геология-барлау институтында инженер-геолог болып бастаған.

  • 1989-1992 жж. – «Түркменгеология» ӨБ Кугитанг далалық геологиялық-барлау экспедициясының инженер-геологы.

  • 1992-1995 жж. «КРАМДС-Маңғыстау» АҚ жетекші маманы, Ақтау қ.

  • 1995-2002 жж. – «Қарақұдық-Мұнай» АҚ БК қаржы және есеп жөніндегі директордың ассистенті, геолог, экономист, Ақтай қ.

  • 2002 жылдан бері - «Территория дизайна deSali» студиясының директоры, Ақтау қ. «Coffee & People» ЖШС директоры. 

Арқабаева Алма Нұралықызы – Оңтүстік Қазақстан облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1967 жылы Шымкент қаласында туған.

  • 1992 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі институтын инженер-технолог мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек жолын 1984 жылы бастады. №12 Шымкент  СКТУ-інде шебер, «Қазбаспасөз» АҚ-ында жұмыс істеді.

  • 2011 жылдан бері –  «Asyl Arman» Корпорациясы» ЖШС-нің меншік иесі және бас директоры, ОҚО Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, Отбасылық бизнес қауымдастығының мүшесі.

  • ХБА «Бизнес-әкімшілендіру магистрі» біліктілігі бойынша бизнес-бағыттау және тұлғалық өсу жөніндегі сертификатталған тренер болып табылады.

  • Оксфорд Көшбасшылар саммитінің «Еуропалық сапа белгісімен», Халықаралық «Қазақстан өңірлерінің алтын қоры» сыйлығымен, «Даңқ жұлдызы – Қазақстан экономикасы» орденімен марапатталған.  

Сатабаева Райхангүл Қайырбайқызы – Павлодар облысы Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы

1959 жылы Павлодар облысында дүниеге келген

  • Қарағанды кооперативті институтын «Азық-түлік тауарларының тауартанушысы» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

  • Еңбек жолын 1978 жылы Облыстық тұтынушылар одағының Сауда базасында бастаған, онда тауартанушы-брокерден бастап азық-түлік тауарлары бөлімінің бастығына дейінгі барлық кезеңдерді жүріп өткен.

  • 1994-2013 жж. – Павлодар облысы Сауда-өнеркәсіп палатасы Төралқа төрайымы

  • 2012 жылы Павлодар облысы қалалық мәслихатының V шақырылымына депутат болып сайланды.

  • 2012 жылдың шілде айынан 2013 жылдың шілдесіне дейін – «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП» ЗТБ Павлодар облысындағы филиалының директоры.

  • 2013 жылдың қараша айынан 2016 жылдың наурызына дейін – Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры.

  • 2016 жылдың наурыз айы – Павлодар облысы Өңірлік кеңесінің төрайымы болып сайланды.

Әбдірахманова Райхан Тілекқызы – Солтүстік Қазақстан облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы 

1962 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туған.

  • Жоғары білімді.

  • Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ында бастаған.

  • 1998-2014 жж. – «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыс істеді.

  • 2014 жылдың қазан айынан бері – «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында директор.

  • 2012 жылдан бері Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты. 

Березинская-Абилова Елена Николаевна – Шығыс Қазақстан облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.

1971 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған.

  • 1993 жылы Новосибирск Кеңестік кооперативтік сауда институтын «Азық-түлік емес тауарларының тауартануы» мамандығы бойынша бітірген.

  • 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, экономист біліктілігі бойынша бітірген.

  • Еңбек қызметін 1993 жылы «Киім» АҚ-ында қатардағы сатушы болып бастады, содан кейін дүкен меңгерушісі және коммерциялық директор болып жұмыс істеді.

  • 2006-2008 жж. – ӨМЗ Мәдениет сарайы директорының орынбасары.

  • 2010-2013 жж. – «Ақса» ЖШС-нің ШҚО бойынша «Ақсай-нан-Өскемен» филиалының директоры.

  • 2013 -2014 жж. «Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС директоры.

  • 2014-2015 жж. – Өскемен қалалық әкімдігі «Шаһар» ЖШС директоры.

  • 2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі «Шаһар» ЖШС директорының м.а.

  • Қазіргі уақытта – «Авангард-инфо» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы және директоры, сонымен бірге «Регион Press» газетінің меншік иесі.