Палата тарихы

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  - бизнес пен биліктің тиімді әріптестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында  ҚР Үкіметі және «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП бірлескен шешімімен 2013 жылдың 9 қыркүйегінде құрылған, өзін-өзі басқаратын коммерциялық емес ұйым.

2015 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып ресми түрде қайта тіркелді (2015 жылғы 27 қаңтардағы ҚР ҰКП-ның кезектен тыс ІІ Съезінің шешіміне сәйкес).

Басты мақсаты – кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыру, бизнес пен билік арасында тиімді серіктестік байланыс орнату.

ҰКП құрылымында өкілдік етуші және атқарушы органдар құрылған: Съезд, Төралқа, Басқарма, Тексеру комиссиясы, өңірлік палаталар және кәсіпкерлер кеңестері.

 «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері кімдер?

  • Қазақстанда ресми тіркелген коммерциялық заңды тұлғалар (шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, оның ішінде банктер, банктік мекемелер, өндірістік, ауыл шаруашылық, қаржы секторы салалары бойынша ұлттық холдингтердің құрамына кіретін ұлттық компаниялар мен ұйымдар);
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жеке шаруа (фермерлік) қожалықтары (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші, қайта өңдеуші және таратушы жеке кәсіпкерлік бірлестіктері).

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына төменде аталған топ мүше бола алмайды:

  • шетелдік ұйымдардың өкілдіктері мен филиалдары;
  • аудиторлық және бағалау қызметімен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері;
  • мемлекеттік мекемелер;
  • коммерциялық емес заңды тұлғалар.