ҰКП өкілдері

Құразов Анархан Төретайұлы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ресей Федерациясындағы өкілі

+7 909 634 51 60

a.kurazov@palata.kz

 

Ресей, 115035, Мәскеу қаласы,
Садовническая көшесі, 82, 2-құрылыс, 6-подъезд, 2-қабат, офис 2075
 

Өкілдікті құрудағы мақсат: Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ресей Федерациясындағы мүддесін таныстыру мен қорғау.

Өкілдік қызметі:

  1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік субъектілерінің Ресей Федерациясындағы құқықтары мен заңды мүдделерін таныстыру, қамтамасыз ету және қорғау;
  2. ҚР ҰКП мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (әрі қарай – ЕЭК) өзара байланысын қамтамасыз ету, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру мен қызмет етуі мәселелері бойынша (әрі қарай – ЕАЭО) ЕЭК материалдары мен шешімдер және ұсынымдар жобасын дайындау бөлігінде;
  3. Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін таныстыру, қамтамасыз ету және қорғау мәселесінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігімен, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдегімен өзара байланысты қамтамасыз ету;
  4. Ресей Федерациясы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы кәсіпкерлік субъектілері өкілдіктерімен өзара байланысты қамтамасыз ету және де олардың мәселелерінің Өкілдік құзырынан тыс жерде шешілуіне көмек көрсету;
  5. ЕЭК тарапымен, Ресей Федерациясының мемлекеттік орындарымен, Ресей Федерациясының Сауда-өнеркәсіп палатасымен, Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағымен және Ресей Федерациясы бизнес-бірлестіктерінің өзге де өкілдерімен тиімді өзара байланысты ұйымдастыру;
  6. ЕЭК жанындағы консультативтік кеңес аясында беларусьтік-қазақстандық-ресейлік бизнес сұхбатын дамыту;
  7. ҚР ҰКП жайлы ақпарат тарату және де көрсетілген шаралар тұрғысында ҚР ҰКП тарапын ақпараттандыру мақсатында, ҚР ҰКП қызмет саласына кіретін мәселелер бойынша Ресей Федерациясы аумағында өткізілетін шараларға қатысу;
  8. ҚР ҰКП қызмет саласына кіретін, мәселелеріне қатысты Ресей Федерациясы мемлекеттік билік орындары мен өзге мемлекеттік емес ұйымдар әрекеті жайлы ҚР ҰКП тарапын ақпараттандырып отыру;
  9. ҚР ҰКП негізгі қызмет түрлеріне байланысты және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да қызметтерді ҚР ҰКП тапсырмасы бойынша орындау.