Қаржылық қызмет жайлы жоспарлар мен есептер

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (әрі қарай – ҰКП) 2016 жылға арналған бюджеті 2015 жылдың 23 желтоқсанында ҰКП Төралқасы шешімімен бекітілді (№14 хаттама) және 2016 жылдың 24 мамырында ҰКП Төралқасының шешімімен ұйымдастырушылық құрылым мен штаттық құрамға жүргізілген оңтайландыру себебінен бюджетке енгізілген түзетулер бекітілді (№12 хаттама).

Кіріс 9 300 млн теңге деңгейінде жоспарланған және міндетті мүшелік жарналар түсімінен (5 864,4 млн теңге), бизнесті қаржылық емес қолдауды жүзеге асыру есебінен ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісімшарттар бойынша кірістерден (2 444,2 млн теңге), «АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету» мемлекеттік тапсырмасын орындау (914 млн теңге) және Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу бойынша байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауын өткізуге қатысты ҚР Инвестиция және даму министрлігімен келісімшарт бойынша (77,4 млн теңге) кірістерінен тұрады.      

Оңтайландыруды есепке алғандағы шығындар 8 578,3 млн теңге деңгейінде жоспарланған, оның ішінде ҰКП орталық аппараты қажеттіліктері мен ағымдық шығындарына бағытталатын қаржы 2 849,8 млн теңге, өңірлік палаталар мен аудандық филиалдары (ӨКП) қажеттіліктеріне қажет қаржы 2 328,7 млн теңге, бизнесті қаржылай емес қолдауды жүзеге асыруға, «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын өткізуге және мемлекеттік тапсырманы орындауға арналған шығындар - 3 399,7 млн теңге.

1,3 млрд теңге мөлшеріндегі ҰКП орталық аппараты аясындағы төлемдермен еңбекақы төлеу қоры нақты оңтайландырылған штаттық құрамға жоспарланған (245-тен 210 штаттық бірлікке дейін). Осы орайда ҰКП еңбекақы төлеу жүйесінде сыйақы төлемдеріне, еңбек демалысына байланысты сауықтыру жәрдемақыларына және қаржылай көмекке шығындар қарастырылмаған.

Жалға алуға арналған шығындар, кеңсе жайлары аумағын 7,8-ден 6,5 мың шаршы метрге дейін қысқартуды есепке ала отырып, 519,8 млн теңге мөлшерінде жоспарланған.     

Іссапар шығындары 59,9 млн теңге деңгейінде жоспарланған. Бұл ретте іссапар шығындарының 34,4%-ы шетелдік сапарларға арналған. Іссапар мақсаттары: ҚХР нарығына қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу саласындағы ынтымақтастық, ТМД аумағындағы тауарларды шығарушы елді анықтау ережелеріне өзгерістер енгізу бойынша ТМД атқарушы комитетіндегі жұмыс тобының отырыстары, кедендік заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс тобының отырысы, меморандумдарға қол қою, кәсіпкерлермен және жергілікті атқарушы органдармен кездесулер және т.б.

Тауар-материалдық қорды қалыптастыруға арналған шығындар 33,6 млн теңге деңгейінде жоспарланған (кеңсе тауарларымен, кеңсе техникасына қажетті заттарымен, тауардың шығу тегі сертификаттары бланкілерімен, имидждік өнімдермен қамтамасыз ету).

ҰКП үшін серверлік құрал-жабдық пен бағларламалық қамтуға сатып алынатын лицензияларға материалдық емес активтер өтелімі мен негізгі құралдардың тозуы бойынша (қаржылық шығындарды қажет етпейді) шығындар жоспары 54,6 млн теңгені құрайды. Өтелім мен тозу есептік кезеңде пайдалы қызмет мерзіміне байланысты материалдық емес активтер мен сатып алынатын және сатып алынған негізгі құралдар құнының қатардан шығарылуын көрсететін бюджеттің шығыс бөлігінің міндетті тұсы болып саналады.

Материалдық емес активтерге қызмет көрсетуге шығындар 0,2 млн теңге мөлшерінде жоспарланған және «1С: Бухгалтерия» бағдарламалық қамтуын техникалық қолдау қызметтеріне кететін шығындардан тұрады.

Негізгі құралдарға қызмет көрсету мен жөндеу шығындары 2,7 млн теңге деңгейінде жоспарланған. Бұл жерде компьютерлерді, ұйымдастыру техникасын, кеңсе құрал-жабдығын жөндеу мен қызмет көрсету жайлары қарастырылған.

Телекоммуникациялық және пошта қызметтеріне шығын 30,9 млн теңге деңгейінде жоспарланған.

«Бөгде ұйымдар қызметі» тармағындағы шығындар, 56,2 млн теңгелік оңтайландыруды есепке ала отырып, 386,1 млн теңге мөлшерінде жоспарланған және келесі шығын бағыттарынан тұрады:

- 219,2 млн теңге мөлшеріндегі РR қызметтері, оның ішінде ҰКП қызметі жайлы дыбыстық және бейне роликтер, бағдарламалар, фильмдер жасау (76,9 млн теңге), интернет порталдарына, баспа БАҚ беттеріне материалдар дайындау мен орналастыру қызметтері (21,3 млн теңге), баспа және электрондық БАҚ беттерінде ақпараттық материалдар орналастыру (20,3 млн теңге), копирайтинг қызметтері (13,4 млн теңге) және т.б.;

- IT-инфрақұрылымның үздіксіз қызмет етуі үшін 146,3 млн теңге мөлшерінде ІТ-қызметтер, оның ішінде Google Apps. for Business (30,1 млн теңге) корпоративтік поштасы, VРN виртуалды жеке желісі (15,7 млн теңге), электрондық құжат айналымы (12,9 млн теңге), гибридтік ІР-телекоммуникация (11,9 млн теңге) және т.б.;

- 20,6 млн теңге мөлшеріндегі өтелімді қызмет көрсету шарттары бойынша өзге қызметтер: оның ішінде ҰКП келушілерін қарсы алу мен алып жүру қызметтері (6,2 млн теңге), аударма және корректорлық қызметтер (9 млн теңге) және т.б.

Шараларды өткізуге арналған шығындар 24,7 млн теңгеге, 96,1 млн теңгеге дейін оңтайландырылып, оның ішінде «Алтын сапа» байқауын өткізуге қажет шығындар 77,4 млн теңгені, Съезд және Төралқа жиналысын, өзге де ҰКП ресми шараларын өткізуге керекті қаражат 18,7 млн теңгені құрайды.

Кеңес беру қызметтерінің шығындары 1 264,8 млн теңге мөлшерінде жоспарланған және бұған «АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету» мемлекеттік тапсырмасын орындау шығындары (914 млн теңге), Заңға сәйкес аккредиттелген қауымдастықтардың (одақтардың) ҰКП қызметтерін орындауына жұмсалатын шығындар (300,3 млн теңге), «Іскерлік климат» рейтингін дайындау мен жүргізу (38 млн теңге) және де ҚК, ҚПК, ӘҚБжК жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға сарапшыларды тарту (12,5 млн теңге) кіреді.

Баспахана бойынша шығындар жоспары 41,7 млн теңгені құрайды (кәсіпкерлік және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық материалдарды таратуды қосқанда).

Еңбеккерлерді олардың еңбек (қызмет) міндеттерін орындау кезінде жазатайым  оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі шығындар жоспары 0,9 млн теңгені құрайды.

«ӨКП бойынша өтеусіз негіздегі аударымдар» тармағы бойынша шығындар жоспары 2 328,7 млн теңгені құрайды және бекітілген штаттық құрамы 657 бірлікті құрайтын 16 ӨКП мен аудан орталықтары және моноқалалардағы 185 ӨКП филиалының қызметіне қажет жекелеген шығындардан тұрады.

«Күрделі салым» бөлімі

636,3 млн теңге мөлшерінде күтілетін бюджет профицитін, желідегі ашық дереккөздерден ақпаратты іздеу мен өңдеуді автоматтандыру үшін Kofax Kapow (ақпараттық бот) платформасының бағдарламалық қамтуын сатып алу және бағдарламалық қамтуға лицензиялық келісімдер мен лицензиялар алу үшін 99,4 млн теңге мөлшерінде күрделі салым жасауға бағыттау жоспарлануда.   

«Қарыздар» бөлімі

Жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге шағын кәсіпкерлік субъектілерін әрі қарайғы шағын несиелеуге арналған қарыз шарттарын жасау жоспарлануда және («Алмэкс Проект» ЖШС-мен) шарт жасалған.

 

Бюджет тармағы

Бекітілген бюджет, млн теңге

Құрылымдық үлесі, %

КІРІСТЕР

9 300,0

100,0%

Міндетті мүшелік жарналар

5 864,4

63,1%

Қызмет көрсетулерден түсетін кірістер

3 435,6

36,9%

ШЫҒЫНДАР

8 578,3

100,0%

Кезең шығындары (әкімшілік шығындар)

2 849,8

33,2%

ӨКП бойынша өтеусіз негіздегі аударымдар

2 328,7

27,1%

 «БЖК-2020»  бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру, «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларын өткізу, мемлекеттік тапсырманы орындау

3 399,7

39,6%

Салық салуға дейінгі кіріс

721,7

 

Корпоративтік табыс салығы

85,5

 

Таза кіріс / шығын

636,3

 

КҮРДЕЛІ САЛЫМДАР

99,4

100,0%

Негізгі құралдарды алу

37,6

37,8%

Әкімшілік сипаттағы және өндірістік емес саладағы күрделі салымдар

61,8

62,2%

ҚАРЫЗДАР

 

 

Қарыз алу

1 800,0

 

Қарыз беру

1 800,0