Төралқа

ҚҰЛЫБАЕВ Тимур Асқарұлы

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы, "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының Төрағасы


1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.

Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983 ж).

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы бойынша тәмамдаған, мамандығы – экономист (1988 жыл).

«Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетілдіру» (мұнай өндіру өнеркәсібі мысалында) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1999 ж).

Бірқатар ғылыми еңбектері бар.

Еңбек қызметі:

  • 1988-1990 жж. – ҚазССР Мемлекеттік жоспарға қарасты Жоспарлау және нормативтер ғылыми-зерттеу экономикалық институты (ҒЗЭЖНИ).
  • 1990-1992 жж. – Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамуы жөніндегі ғылыми-кеңестік орталықтың директоры.
  • 1992-1995 жж. – «Алтын-Алма» концернінің жетекшісі.
  • 1995-1997 жж. – Алматы сауда-қаржы банкі несиелік комитетінің мүшесі, бақылаушы кеңесінің төрағасы.
  • 1997 ж. – Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеттің Жобаларды бағалау және келіссөз жүргізу дирекциясының жетекшісі (төраға орынбасарының құқығында).
  • 1997-1999 жж. – «ҚазақОйл» ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ экономика және қаржы істері жөніндегі вице-президенті.
  • 1999-2001 жж. – «ҚазТрансОйл» Мұнайды тасымалдау жөніндегі ұлттық компания» ЖАҚ президенті.
  • 2001-2002 жж. – «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясы» ЖАҚ Бас директоры. («ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының негізінде құрылған).
  • 2002-2005 жж. – «ҚазақОйл» ҰК» ЖАҚ пен «Мұнай және газ тасымалдау» ҰК» ЖАҚ бірігуінен пайда болған «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірінші вице-президенті.
  • 2005-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.
  • 2006-2007 жж. – «Қазақстанның мемлекеттік активтерін басқаратын «Самұрық» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2008-2011 жж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
  • 2011 ж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі.
  • 2011-2014 жж. - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Төралқа төрағасы.
  • 2005 жылдың 10 қазанынан бастап «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығына басшылық етті.
  • 2013 жылдың 9 қыркүйегінде «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағалығына сайланды.

Спорттық мекемелер:

  • 2004 жылдан бастап «ҚР Ұлттық гольф федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Федерация Кеңесінің құрметті мүшесі.
  • 2009 жылдан бастап Қазақстан бокс федерациясының президенті.    
  • 2010-2015 жж – Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің атқарушы комитетіне мүше.
  • 2011 жылдан бастап «Арыстан» (Талғар қ.) мамандандырылған лицейдің қамқоршылар кеңесінің төрағасы.
  • 2012 жылдан бастап Халықаралық бокс ассоциациясы(AIBA) атқарушы комитетінің мүшесі, вице-президенті.
  • 2012 жылдан бастап «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері қазақстандық конфедерациясының» төрағасы.
  • 2014 жылдан бастап Ұлттық Олимпиада комитеттерінің қауымдастығына  мүше.
  • 2015 жылдан бастап ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы, ҚР ҰОК  атқарушы комитетінің төрағасы.
  • 2016 жылдың сәуір айынан бастап Азия Олимпиадалық  кеңесінің вице-президенті.

Халықаралық және шетелдік компаниялар:

  • 2008 жылдын бастап – (World Petroleum Council)  Бүкіләлемдік мұнай кеңесі  қазақстандық ұлттық комитеттің тең төрағасы.
  • 2010-2014 жж. – Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастықтың іскер кеңесі  жөніндегі  тең төрағасы.
  • 2011 жылдан бастап  «Газпром» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстандық компаниялар  директорларының  кеңестері:

  • 2006-2007 жж., 2008-2011 жж. – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ (KEGOC) директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2006-2007 жж., 2009-2012 жж. – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2008-2012 жж. – «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2009-2011 жж. – «Самұрық-Энерго» АҚ  Директорлар кеңесінің төрағасы.
  • 2009-2011жж. – «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің тең төрағасы.   
  • 2011 ж. – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ  директорлар кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының марапаттары:

  1. «Құрмет» ордені (2001 ж.)
  2. Үшінші дәрежелі «Барыс» ордені (2009 ж.)
  3. Бірінші дәрежелі «Барыс» ордені (2014 ж.)
  4. «Қазақстан Конституциясына-10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.)
  5. «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалі (2008 ж.)
  6. «ҚР Тәуелсіздігіне-20 жыл» мерейтойлық медалі (2011 ж.)

Ресей Федерациясының марапаттары:        

  1. «Дружба» Ресей ордені (2007 ж.)
  2. Ресей мүфтилер кеңесінің «Әл-Фахр» ордені(2010-2016 жж.).
  3. II дәрежелі «Русской Православной Церкви Святого благоверного князя Даниила Московского» ордені (РПШ, 2010 ж.) 
  4. «Құрметті теміржолшы» медалі (2011 ж.)

Қосымша ақпарат:

  • Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
  • Гольф, тау шаңғысы, футбол ойындарымен шұғылданады.
  • Үйленген (жұбайы Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаева 1967 ж.т.), үш бала –  бір ұл, екі қыз (ұлы 1990 ж.т., қыздары 2004 және 2010 ж.т) тәрбиелеп отыр.

АБАСОВ Қайнар Бегәлиұлы
Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Мақта өнеркәсіп-Целлюлоза» ЖШС Бас директоры

ӘБДІРАЗАҚОВ Елдар Советұлы
«Сентранс Секьюритиз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы  

ӘБСӘТІРОВ Кеңес Ғарапұлы 
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

ӘБІЛҒАЗИН Данияр Рустемұлы
«КаzEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы төрағасының кеңесшісі, ҰКП Төралқасының мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы  

АСАНБАЕВА Роза Әбдіхамитқызы
Қазақстандық туристтік  қонақүйлер мен мейманханалар қауымдастығының президенті, ҰКП Төралқасының Туристік сала комитетінің төрағасы

БАЙМЕНОВ Болатбек Ғизатұлы
Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Глотур-К» ЖШС коммерциялық директоры

БАЙМҰРАТОВ Ерлан Оразгелдіұлы
Тамақ өнеркәсібі комитетінің төрағасы, «Баян Сұлу» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

БАТАЛОВ Райымбек Әнуарұлы
"Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, ҰКП Төралқасы шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы

БЕЛОВИЧ Александр Якубович
«Базис-А» холдингті ккомпаниясының Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің төрағасы, ҰКП Төралқасының Құрылыс, құрылыс материалдарының өндірісі және ТКШ комитетінің төрағасы

БИШІМБАЕВ Қуандық Уәлиханұлы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

БИШИМОВ Қуаныш Ердәулетұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ Бас директоры  

БОБРОВ Владимир Яковлевич

 

ДАРИНОВ Әуезхан Камешұлы
«Қазақстан фермерлерінің одағы» РҚБ президенті

ДЖУНУСОВ Валерий Кинжегалиевич
Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Конденсат» КТ консорциумы кеңесінің төрағасы

ДОСАЕВ Ерболат Асқарбекұлы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы

ДОСКЕНОВ Талғат Қазкенұлы
Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы, ҰКП Төралқасының Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы 

ДОСҚОЖАНОВ Асемқан Серқанұлы
Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Семей авто құрастыру зауыты» ЖШС бас директоры

ДҮЗБАЕВА Мейрамкүл Алтынбекқызы
«Қамқор Менеджмент» ЖШС бас директоры

ЕСКЕНДІРОВ Қазбек Сапарбекұлы
Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Есіл» ЖШС бас директоры

ЕСКЕНДІРОВ Мұқаш Зұлқарнайұлы
Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры

ЖАҚСЫБЕК Дәурен Әділбекұлы
Астана қ. Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасы

ЖАМАЛОВ Аманжан Мәкәрімұлы
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

ЖАНДОСОВ Ораз Әлиұлы
«Қазақстан экономисттері қауымдастығы» ҚҚ Қорғаншылық кеңесінің төрағасы

ЖҰМАҒҰЛОВ Абай Түкенұлы
Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Теңізмұнай құрылысы» АҚ Бас директоры

ИДРИСОВ Дінмұхамед Аппазұлы
«Ордабасы» Корпорациясы» АҚ президенті

ҚАРАҒҮСОВА Гульжана Жанпейісқызы
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

ҚАСЫМБЕК Жеңіс Махмұдұлы
ҚР Инвестициялар және даму министрі

КӘРІБЖАНОВ Айдан Табониязұлы
«Аспандау» қоғамдық қорының Қорғаншылық кеңесінің мүшесі

ҚЫДЫРБАЕВ Думан Нұрланұлы 
ҰКП Төралқасының Өңдеу өнеркәсіптері комитетінің төрағасы, ҚР "Жасыл орман" орман шаруашылығы және ағаш өңдеу ұйымдарының қауымдастығы" ЗТБ Кеңесінің төрағасы

МӘЖІБАЕВ Қайрат Қуанышбайұлы
«ResmiGroup» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы, ҰКП Төралқасы Сауда комитетінің төрағасы

МАМИН Асқар Ұзақбайұлы
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары

МАХАМБЕТОВ Асқар Аралбайұлы
Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Best-Service LTD фирмасы» ЖШС Бас директоры

МЫРЗАХМЕТОВ Абылай Исабекұлы
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы

НЫҒМАТУЛИН Ерлан Зайруллаұлы
 

ПАЛЫМБЕТОВ Болат Абылкасымович
ҚР кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

ПЕРУАШЕВ Азат Тұрлыбекұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясының басшысы

ПІШЕМБАЕВ Мейрам Құдайбергенұлы
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстанның машина жасаушылары ның одағы» ЗТБ төрағасы, ҰКП Төралқасының Машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы

РАДОСТОВЕЦ Николай Владимирович
Қазақстан Республикасының тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының президенті, «Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ Атқарушы директоры, ҰКП Төралқасының Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитетінің төрағасы

РАҚЫШЕВ Кеңес Хамитұлы
«Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы» ЗТБ Төралқасының төрағасы

РОЗИНОВ Василий Самойлович
Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Иволга-Холдинг» ЖШС бас директоры

САҒЫНТАЕВ Бақытжан Әбдірұлы
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі

САЛЖАНОВ Исламбек Төлеубайұлы
Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Алтын Қыран» компаниялар тобының Бас директоры

САЛЫКОВА Римма Аждаровна
Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, Алматы облысы Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, «Алматинские краски» ЖШС директоры

САТАБАЕВА Райхангүл Қайырбайқызы
Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы

САТҚАЛИЕВ Алмасадам Майданұлы
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы, ҰКП Төралқасының Энергетика комитетінің төрағасы

САУЭР Иван Адамович
«Қазақстан ет-сүт одағы қауымдастығы» ЖКмЗТБ Басқарма төрағасы, ҰКП Төралқасының Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы

СӘРСЕНОВ Жамболат Жәкиұлы
ҰКП Төралқасының Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер комитетінің төрағасы

СТАМБЕКОВ Ерлан Дәулетұлы
Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «ALA Data Systems ltd» бас директоры

СҮЙІНДІКОВ Жаңабай
Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Каспий-Мұнай-Құрылыс» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы

ХАЙРУШЕВ Асылбек Есенбекұлы
ҚР ҰКП Төралқасының Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және "жасыл экономика" комитетінің төрағасы 

ШАЯХМЕТОВА Үміт Болатханқызы
ҰКП Төралқасының Қаржы секторы комитетінің төрағасы, Алматы қ. Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы