«Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес

Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес Ұлттық кәсіпкерлер палатасының консультативтік-кеңесші органы болып саналады және ашықтық пен заңдылық қағидаларына сүйенеді. Кеңес төрағасы – Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы.

Кеңес елдегі сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі міндеттерді жедел әрі жүйелі түрде шешу, сонымен бірге, жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша түйткілді мәселелерді көпшілік талқысына салу мақсатында құрылған.

Негізгі міндеттері:

Орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бойынша жүргізіліп отырған саясатқа ұсыныстар жасап шығару арқылы және келесідей өзге де шаралар қабылдау арқылы қолдау көрсету:

  • кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында жұмылдыру;
  • кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекет пен бизнестің өзара әрекеттестігін күшейту;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезіндегі жемқорлыққа қарсы тәжірибені қалыптастыру;
  • ресурстарды бөлу және инфрақұрылымға қол жеткізу механизмдерін жетілдіру;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты өзге де мәселелер.

Кеңес өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында келесі салалар бойынша сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жүргізіліп отырған саясатқа қолдау көрсетеді:

  • мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сектор сатып алулары;
  • жер қатынастары;
  • салық салу;
  • седендік реттеу;
  • капиталды, оның ішінде оффшорларды шетелге шығару;
  • жер қойнауын пайдалану;
  • рейдерлік;
  • сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
  • мемлекеттік және табиғи монополиялар;
  • азаматтық қорғаныс;
  • рұқсаттар мен ескертпелер;
  • қалпына келтіру және банкроттық;
  • көлік;
  • агроөнеркәсіптік кешен;
  • әділеттілік, қылмыстық қуғындалу және әкімшілік тәжірибені атқару;
  • кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • мемлекеттік-жекеменшік әріптестік;
  • реттеу, бақылау және қаржылық нарықты пен қаржылық ұйымдарды қадағалау және т.б.

Кеңес құрамына ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттары, ҚР Бас прокурорының орынбасары, ҚР Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюро төрағасының орынбасары, мемлекеттік органдар басшылары, қоғамдық қайраткерлер, бизнес-қоғамдастық өкілдері мен БАҚ кіреді.