Дуальды оқытудың жол картасы

Дуальды оқыту жол картасының 2016 жылғы қазан айындағы іске асу барысы

Жаһандануға және өнеркәсіп пен қоғамдағы үздіксіз құрылымдық өзгерістерге байланысты түлектерге қойылатын біліктілік талаптары біртіндеп күшейіп келеді. Қазіргі мамандықтарға арналған білім беру стандарттары мен қолданыстағы оқыту әдістемелері студенттердің кәсіби сапасын ашуға ықпал етуі тиіс.

Экономика дуальды оқыту жүйесі арқылы оқушыларды нағыз маманға айнадыру дәстүрін туғызды.

«Дуальды оқыту» дегеніміз – кәсіпорындар мен колледждердің өзара тығыз байланысы негізінде білікті мамандар даярлау: оқушылар шебер-мамандар қызмет істейтін жұмыс орнында оқытылады.

Дуальды оқыту жүйесі бірден екі міндетті атқарады, яғни оқу процесінде теориялық және тәжірибелік дайындық қатар жүргізіледі. Оқушылар білім алумен қатар, таңдаған мамандығын тікелей өндіріс орнында меңгереді, осылайша бірден екі жерде оқиды: аптасына 1-2 күн колледжде білім алса, қалған уақытта кәсіпорында болады.

Колледжде жастар теориялық білім алып, таңдаған мамандығы бойынша арнайы пәндерді оқитын болса, кәсіпорындарда оларға шеберлер тәжірибелік дағдыларды меңгеруге көмектеседі, мамандықтың қыр-сырын үйретеді.

Дуальды жүйе кәсіпорын үшін жұмыс күшінің қайнар көзі болуы мүмкін, ол кәсіпорын мен экономиканың дамуына ықпал етеді.

Дуальды жүйе барлық тараптардың, яғни кәсіпорындардың, жұмысшылар мен мемлекеттің басты мүдделеріне жауап бере алады, сондықтан ол өміршең.

Кәсіпорын үшін – нақты мамандар даярлауға берілген мүмкіндік, сол арқылы олардың кәсіпорынның барлық талаптарына сай келуін қамтамасыз етеді, жұмысшыларды іздеуге, таңдауға, қайта оқыту және бейімдеу жұмыстарына кететін шығынды үнемдейді. Оның үстіне ең үздік оқушыларды таңдауға мүмкіндік туады, өйткені үш жылдың ішінде олар өздерін жан-жақты танытып үлгереді. Мұндай тәсіл студенттерді оқуға ынталандырады. Жаңа келгендер бірден қажыр-қайратпен жұмыс істеп кете алады, өйткені олар кәсіпорын тынысын жақсы біледі әрі бәрі таныс болғандықтан, өзін еркін сезінеді.

Мұның барлығы қосыла келе, мамандарды орнықтырып, тұрақсыздықты азайтуға көмектеседі, мұның өндіріс үшін маңызы көп.

Мамандарды даярлауға қатысу еңбек нарығында жұмыс беруші кәсіпорынның беделіне оң ықпал етеді. Сонымен қатар кәсіпорында таңдау құқығы болады, өндіріс орнында білім беруді ұйымдастыруды немесе ұйымдастырмауды өзі шешеді.

Жастар үшін – дербестікке ерте қол жеткізуге және үлкен өмірге оңай бейімделуге берілген тамаша мүмкіндік. Оқып жүріп-ақ олар кәсіпорыннан атқарған жұмысы үшін сыйақы алады, ал оқуды тәмамдаған соң, жұмысқа тұра алады. Дуальды жүйе еңбекке біртіндеп араласуды қамтамасыз етеді, соның арқасында басқа білім беру жүйесінде кездесетін ақпарат пен тәжірибелік дайындықтың әлсіздігінен туындайтын күйзеліс болмайды. Ол нақты еңбек міндеттемелерін орындауға үйретіп қана қоймай, ұжымда жұмыс істеуді дамытады, әлеуметтік білікілік пен жауапкершілікті қалыптастырады.

Мемлекет үшін – экономика салаларына арналған білікті мамандарды даярлау міндеті тиімді шешіледі. Мемлекет техникалық және кәсіби білім беру жүйесін қаржыландыра отырып, мамандарды кәсіпорындарда даярлауды қолдайды.

Оған қоса, оның құзыретіне құқықтық бақылау мен кәсіби оқыту мәселелері бойынша өңірлік палаталармен әріптестік орнату жатады. Аталған өңірлік палаталардың міндеттері: кәсіпорындарда оқушыларды оқытуға қажетті жағдайлардың болуын бақылау, емтихан алатын комиссияны жасақтау.

Кәсіпорындардың құрылым, көлем мен еңбек ресурстарының сапасына қатысты сұранысына сай болу үшін, кәсіби даярлау тетіктері мен моделін жетілдіру талап етілуде.

Кәсіпорындар жұмысшыларды мақсатты түрде даярлау үшін білім беру ұйымдарымен шарт жасасуы тиіс (негізінен сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша).

Соған сәйкес, кәсіпорындарда оқушыларға арналған өндірістік алаңдар бөлу мүмкіндігін қарастыру қажет. Мәселен, жабдықты жөндеуге, оның диагностикасы мен пайдалануға беруге, диспетчерлік және әкімшілік-техникалық функцияларды орындауға, өнім сапасын бақылауға қатысты теориялық дайындық тәжірибелік машықпен ұштасуы тиіс. Оқу орнын бітірген соң, студентке тұрақты жұмыс орнын табу жеңіл болады. Ал оқытудың осы тәсілін пайдаланған кәсіпорынға білікті жұмысшылар ағыны тұрақты түрде келіп тұратын болады.

Осылайша, елімізде, өңірлерге техникалық-кәсіби білім беру және мамандарды даярлау саласындағы міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін бірыңғай білім беру кеңістігі қалыптасып келеді.