«Atameken Services» электронды қызметтің бір терезесі

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанындағы «Нарықты мониторнгілеу мен талдау орталығы» ЖШС 2016 жылдың 3 қаңрашасынан бастап Atameken Services бизнеске электронды қызмет көрсетудің «бір терезе» жобасын іске қосты.

Енді кәсіпкерлер мобильді телефон, планшет немесе компьютердің қолдана отырып, «Атамекен» ҰКП-ның қызметтеріне қашықтықтан тапсырыс бере алады.

«Atameken Services» жобасының мақсаты – Ұлттық кәсіпкерлер палатасының айналасына әрбір кәсіпкердің кірісін арттыру прагматикалық идеясының негізінде бизнесті біріктіру. Бұл жетістікке негізгі төрт бағыт бойынша «бір терезе» электронды қызмет көрсетуді кезең-кезеңімен дамыту жолымен жету жоспарланып отыр.

Бірінші, саты көлемін арттыру. Кәсіпкер ұқсас өнім қандай көлемде және қайдан сатып алынатындығын, нарықта қандай тұтынушылар бар және олардың байланысын қалай алуға болатынын түсінуі үшін әлеуетті тұтынушылар мен дилелердің байланыс мәліметтерінмен бірге тізімін, сондай-ақ өткен кезеңдегі сатып алу көлемі туралы деректерді бере отырып көмектесуге болады.

Екіншіден, шығынды азайту. Әлеуемтті жеткізушілерді іздеу бойынша қызмет көрсете отырып, кәсіпкер сатып алудың анағұрлым жақсы бағасын таңдай алады, себебі, жеткізушілердің аасындағы бәсекелестіктің арқасында баға 10-15%-ға азаятыны белгілі. Бұл айтарлықтай ықпал.

Үшіншіден, маманмен қамтамасыз ету және олардың дамуы. Ұйымның адами ресурсын дамыту мәселесін шешу және бос жұмыс орнын толтыру үшін қажетті мамандарды іздестіру.

Төртіншіден, бизнесті қолдау шаралары. Қолданыстағы үкіметтік және үкіметтік емес қолдау бағдарламаларының негізінде кәсіпкерге өз ісін жеделдетуге және бәскелік артықшылықтарды алуға мүмкіндік беретін қаржылай және қаржылай емес қызметтер санаты.

Бүгінде бизнеске арналған Atameken Services «бір терезесінде» бизнесті қолдаудың 84 қызметі бар. Ұлттық палатада бар электронды қызметтерді «бір терезеге» AGILE әдістемесі арқылы шоғырландыруды икемдеу жұмыстары жалғасып келеді. Аталған әдістеме әр айсайынғы релизбен кәсіпкерлерге қолжетімді қызметтердің санын арттыруға мүмкіндік береді.

Atameken Services жобасының барлық айтылған қызметтері бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін кәсіпкерлердің кірісін көбейтуге және шығынын азайтуға бағытталған.

Сервисті пайдалану үшін:

  • Play Market-тен қосымшаны жүктеу керек;
  • Тез арада тіркелу қажет.

«Атамекен» ҰКП қызметтерін алуға өтініш беру үшін «Қызметке тапсырыс беру» тетігін басып, өзіңіз туралы мәліметтерді көрсету жеткілікті, одан кейін маманның жауабын күту керек. Өтініштеріңізді қарай отырып, тапсырысыңыздың орындалуын бақылай аласыз.

Егер тізімде өзіңізге қажетті қызмет түрін таппаған жағдайда бізбен байланыссаңыз жеткілікті, біз арнайы Сіз үшін қосып қоямыз.

Байланыс:

Call орталық - 87172270460

Email - support@cmer.kz

Play market-ке сілтеме 

Сайтқа сілтеме 

Астана қаласының бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер қауымдастығына арналған сауалнама: PDF және DOC