Арбитраж орталығы

«Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңды орындау үшін 2014 жылғы 21 шілдеде ҰКП жанынан Төрелікте және аралық сотта талқылау орталығы (бұдан әрі – Төрелік Орталық) құрылды. Қазақстан қосылған «Сыртқы сауда төрелігі туралы» Еуропалық конвенцияның 10 бабы көздегендей, бұл туралы БҰҰ-ға хабарлама жіберілді. Болашақта Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігі 2014 жылғы 11 қыркүйектегі хаты арқылы «Еуропалық конвенция 4 бабында баяндалған функцияларды еліміздегі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төрелік орталығы жүзеге асыратыны» жайлы хабарлады.

Осылайша, аталмыш конвенцияға қосылған мемлекеттер, соның ішінде Қазақстан да бар, уәкілетті орган - Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Төрелік Орталық мәртебесі мен құзыреті жайлы хабардар болды.

1985 жылғы ЮНСТИРАЛ Үлгілік заңы (1985 жылғы 11 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясы Қарарымен бекітілген) және Еуропалық конвенция нормаларына сәйкес сот немесе уәкілетті орган төрешілердің, тұрақты төреліктің тағайындалуымен, оның юрисдикциясының белгіленуімен, тараптар – талапкер мен жауапкер аталмыш мәселелер бойынша келісімге келе алмаған жағдайда төрешілер құрамын қалыптастырумен байланысты мәселелерді шешеді.

ҚР ҰКП Төрелік Орталығын тәжірибелі заңгер, заң ғылымдарының кандидаты Жұмабай Шәмшиев басқарады. Орталықта Жоғарғы Соттың отставкадағы екі судьясы жұмыс жасайды, Орталықтың Бас хатшысының (з.ғ.к.) орынбасары және жауапты хатшы үш тілді меңгерген заңгерлер болып табылады. Олардың тәжірибесі шаруашылық жасаушы субъектілер дауларымен байланысты мәселелерді тиімді реттеуге мүмкіндік береді.

Орталық төрешілерінің тізілімінде сәйкес білім, сертификаттар, төрелік талқылау саласындағы айтарлықтай тәжірибеге ие жоғары білікті төрешілер бар, олар Қазақстан азаматтары мен шетелдік тұлғалар болып табылады.

Арбитраждық орталық тәжірибелі кәсіби мамандардың азаматтық-құқықтық (келісімдік) дауларды барынша қысқа уақытта, әділ әрі тәуелсіз. тиімді қарастыруын мақсат тұтады.

Сонымен қатар, Арбитраждық орталықтың қызметінде білікті заңгерлік кеңес беру мен дауды балама тәсілмен (медиация, татуласу амалдары) шешуге жәрдемдесу де көзделуде. 

Ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың өңірлік Кәсіпкерлер палаталарында, ҚР ҰКП Арбитраждық орталығының қызметіне көмек көрсететін өкілдер бар.

Бизнесіңізді жан-жақты қорғағыңыз келсе, Төрелік орталықтың бірегей мүмкіндіктерімен танысыңыз - www.aca.kz

 

Байланыс:

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төрелік орталығы
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Д.Қонаев көш., 8, «Б» блогы,
17-қабат, 1721 кеңсе
Жауапты хатшы ─ Байсақалова Мадина Нұрланқызы
Тел: 8 (7172) 919-382 (ішкі 1781)
        8 (7172) 919-381 (ішкі 1759)