Біз туралы
Қаз
Қазақстан бойынша тегін:
1432 | 8-800-080-80-10
Whatsapp: +7 778 870 1432

Сертификаттау

Тауардың шығарылған жері туралы сертификат

Қазақстан тауарының шығарылған жері туралы сертификат – тауар шығарған мемлекет Қазақстан Республикасы екенін растайтын құжат.

Тауарлардың шығарылған жері туралы экспорттық формадағы сертификаттар (СТ-1, СТ-2, EAV, А, Түпнұсқа) бекітілетін елде тарифтік артықшылық (кеден бажын азайту немесе босатылу), тарифтік емес реттеу (тыйым салулар, тауар шығаруға/жеткізуге шектеу қою) алу үшін рәсімделеді.

Бүгінде Қазақстан Республикасынан экспортталатын тауарлардың шығарылған елін анықтау келесі Ереже арқылы жүзеге асырылады  

Экспортталатын тауарға шығарылған жері туралы сертификатты беру процедурасы

14 облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы және елордадағы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгіну.

негіздеме – ҚР  Инвестициялар және даму министрлігінің 2014 жылы 8 шілдеде №257 бұйрығымен бекітілген Тізімге сәйкес өтінім және құжаттар;

берілу мерзімі – өтінімді толық құжат топтамасымен тіркеу сәтінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде.

СТ-1, СТ-2, EAV формасындағы тауардың шығарылған жері туралы сертификаттың жарамдылық мерзімі: Түпнұсқа – берілген күннен бастап 12 ай, «А» үлгісіндегі – берілген күннен бастап 10 ай.

ІШКІ АЙНАЛЫМҒА ТАУАРДЫҢ ШЫҒУ ТҮБІ ТУРАЛЫ «СT-KZ» ҮЛГІСІНДЕГІ СЕРТИФИКАТ

Тауардың шығу түбі туралы «СТ-KZ» үлгісіндегі сертфикат тауарларды еркін қоймалардан және еркін экономикалық аймақтардан алып кету  кезінде тауарларды сатып алуға қатысу үшін ішкі айналымға арналған. Бұл құжат тауардың шығарылған елін және тауардың жеткілікті өңделу критериін ескере отырып, толығымен Қазақстанда шығарылған (ЖҚҮ 100%) немесе Қазақстанда шығарылған тауарлар үшін жергілікті қамту үлесін (ЖҚҮ) растау үшін беріледі.

«СТ-KZ» үлгісіндегі сертификаттың қолданылуы туралы толығырақ осы файлдан танысуға болады.

«СT-KZ»  үлгісіндегі сертификаттар Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың үлгісін белгілеу жөніндегі қағидалар негізінде Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында рәсімделеді https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023514.

Тауардың шығу түбі туралы  «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификатты беру процедурасы

1-кезең. Тауардың шығуына сараптама жүргізу.

Өтінім беруші сараптамалық ұйымды өзі таңдайды.

Тауардың шығарылған елін анықтау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тізілімі және сараптамалық ұйымдардың тізімі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу комитетінің интернет-ресурсында жарияланады https://i4.memst.kz/rea/?PAGEN_1=510.  

  • сараптама ерікті негізде жүргізіледі;
  • негіздеме – Қағидалардың 25-тармағына сәйкес өтініш пен құжаттар;
  • сарапшы өндіріс орналасқан жерге барады;
  • сараптама жүргізу және актіні беру мерзімі – өтінім және құжаттардың толық пакетін тіркеу күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде іске асырылады.

2-кезең. 14 облыс, республикалық маңызы бар қалалар және елордадағы Өңірлік кәсіпкерлер палаталарында «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификатты рәсімдеу, растау және беру.

  • негіздеме – өтінімнің электронды формасы, тауардың шығу түбі туралы сараптама актінің және https://doc24.kz/  сайт арқылы сараптамаға ұсынылған құжаттардың электрондық көшірмелері;
  • сертификатты беру мерзімі – құжаттардың толық пакетімен берілген өтінімді трікеу күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады;
  • алғаш рет шығарылып отырған тауарлық позицияларға тапсырыс берілген жағдайда немесе негізгі жабдық тізімінің өзгеруі, сондай-ақ технологиялық операцияладың өзгеруі жағдайында – өндірістік база, технологиялық жабдықтың болуын және тауарды сәйкестендіруді тексеру үшін өндіріске көшпелі тексеру жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда «CT-KZ» үлгісіндегі сертификатты беру мерзімі 4 (төрт) жұмыс күнін құрайды.

«CT-KZ» үлгісіндегі тауардың шығу түбі туралы сертификаттың жарамдылық мерзімі ішкі айналымға арналған тауардың шығу түбу туралы сараптама актісінің қолданылу мерзіміне байланысты 12 немесе 36 айды құрайды.

Сертификат үлгісі

Келісім

Бағыт

Тауардың шығу түбі туралы «СТ-1» үлгісіндегі сертификат

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін анықтау ережесі туралы 20.11.2009 жылғы келісім

 

ТМД

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 30.11.2000 жылғы шешімімен бекітілген тауарлардың шығарылған елін анықтау ережесі

 

 

Грузия

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің 24.09.1993 жылғы шешімімен бекітілген тауарлардың шығарылған елін анықтау ережесі

Өзбекстан, Түрікменстан

Тауардың шығу түбі туралы «СТ-2» үлгісіндегі сертификат

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы 2019 жылғы 25 қазандағы келісім

Сербия

Тауардың шығу түбі туралы «СТ-3» үлгісіндегі сертификат

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 7 мамырдағы № 253-VІ ҚРЗ Заңымен ратификацияланған еркін сауда аймағын құруға алып келетін   уақытша келісім

 

Иран

Тауардың шығу түбі туралы «EAV» үлгісіндегі сертификат

 

Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы 2015 жылғы 29 мамырдағы келісім

 

 

 

Вьетнам

Тауардың шығу түбі туралы «А» үлгісіндегі сертификат

Еуропа комиссиясының регламенті

  (ЕО) №2454/93

Еуропа одағының елдері

GSP преференцияларының бас жүйесі

АҚШ, Канада, Жапония, Түркия, Австралия, Жаңа Зеландия,  Лихтенштейн және GSP қолданатын басқа да елдер

REX ЖҮЙЕСІ

Уәкілетті экспорттаушының жүйесі

 (REX system)

01.01.2017  жылғы 1063/2010   регламент

 

Норвегия, Швейцария

 

Тауардың шығу түбі туралы «Түпнұсқа» үлгісіндегі преференциалды емес сертификат

 

«Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығы

 

 

 

Халықаралық келісімдер жасалмаған үшінші елдер

Тауардың шығу түбі туралы «СТ-KZ» үлгісіндегі сертификат

«Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою, тауардың шығарылған елін айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілеу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығы

Ішкі айналым

 

Серіктестер